Сүт безінің қатерлі ісігі (СБҚІ) — әйелдер арасында ең кө п таралғ ан ісік тү рі.
Ә детте СБҚ І сү т безі ө зегінің немесе улесшелерінің безді жасушаларына әсер етеді. Аурудың пайда болу қаупі 50 жастан кейін артады. Сонымен қатар, СБҚІ пайда болуына мынадай факторлар әсер етеді:
- Жақын туыстарында сүт безі қатерлі ісігі диагнозы болуы
- BRCA1/2 генетикалық мутациясы;
- Ауыр гинекологиялық анамнез: кеш менопауза және 30 жастан кейінгі алғашқы жү ктілік;
- 30 жасқа дейінгі сәулелік терапия;
- Темекі шегу;
- Созылмалы түрде ішімдікке салыну.
Сүт безінің қатерлі ісігін ерте диагностикалау үшін ісік маркерлерін (онкомаркерлерді) анықтау әдісі
қ олданылады.
Онкомаркерлер — ісік жасушалары немесе ісік ө суіне байланысты сау жасушалар синтездейтін ерекше заттар. Ә детте ісік маркерлерінің дең гейі ісік ө скен сайын жоғарылайды.
СА 15-3 онкомаркері (СА 15-3 қатерлі ісік антигені) — әдетте сүт безі жасушаларымен синтезделетін ақуыз. CA 15-3 дең гейі ерте ошақ талғ ан сү т безі қатерлі ісігі бар немесе кішкентай ісігі бар әйелдердің 50%-дан кемінде жоғары болады, бірақ сүт безі қатерлі ісігі (метастатикалық) таралған әйелдердің шамамен 80%-ында айтарлық тай кө п болады. Оның өндірісінің едәуір артуы сүт безінде кең таралған ісік процесінде байқалады. СА 15-3 дең гейі тек аурудың сатысына емес, сонымен қатар жетілу дәрежесі мен қатерлілікке байланысты артады.
Сүт безі қатерлі ісігінің ерте кезеңдерінде әдістің сезгіштігі тө мен болғандықтан, оны ерте диагностикалау мақсатында скрининг үшін қолдану мүмкін болып табылмайды. Сонымен қатар, CA 15-3 қатерлі ісік антигенінің деңгейі тек СБҚІ кезінде ғана емес, сонымен қатар қалыпты жүктілік кезінде (III триместр), сондай-ақ мынадай басқа да аурулар кезінде жоғарылайтыны белгілі:
- Тоқ және тік ішек қатерлі ісігі;
- Ө кпе қатерлі ісігі;
- Аналық без, жатыр мойны қатерлі ісігі және эндометрия;
- Сүт безінің қатерсіз ісігі;
- Гепатит;
- Цирроз.
Алайда, мұндай жағдайларда ісік маркерінің шоғырлануы бастапқыда СБҚІ-ге қарағанда тө мен. Емделгеннен кейін CA 15-3 дең гейі толығымен қалыпқа келеді. Ісік маркерлерінің шоғырлануын бақылау қатерлі ісік терапиясының тиімділігін бақылау үшін де қолданылады. Емдеу кезінде қатерлі ісік жасушаларына әсер етпейтін препарат немесе әдіс қ олданылса, бұ л ө те маң ызды болады. Мұндай жағдайда сіз препаратты немесе емдеу ә дісін уақ ытылы ө згерте аласыз.
CA 15-3 антиген дең гейін зерттеу сү т бездерінің қатерсіз және қатерлі ісіктерін дифференциалды диагностикалау ү шін де қ олданылады.
Бұл зерттеуді жүргізу қатерлі ісік терапиясының тиімділігін бағалау үшін маң ызды, бұ л патологиялық процестің нашарлауына жол бермеу ү шін емдеу тәсілін уақытында ө згертуге мүмкіндік береді (егер ол тиімсіз болса).