Онкоскрининг
Обырдан қорғануға көмектесетін
талдауларға маусымдық жеңілдіктер

Ерте кезеңде ісіктердің көбі жақсы емделеді, алайда миллиондаған адам обыр туралы тым кеш біледі. Онкологиялық ауруды бастапқы кезеңінде қарапайым талдаулар арқылы анықтауға болады. Тексеруден өту — өзіңізге қамқорлық жасаудың бір жолы.

Тек осы күзде! Обырды ерте кезеңде анықтауға немесе бәрі дұрыс екеніне көз жеткізуге көмектесетін скринингтерге супербағалар!
Үлкен іс
Тоқ ішек пен тік ішек обырының скринингі

Колоректалды обыр — әлемдегі ең көп таралған онкологиялық аурулардың үштігінде. Жыл сайын 1 млн адамға осы диагноз қойылады. Әдетте қатерлі ісік қатерсіз полиптен өсіп шығады. Полиптің қатерлі ісікке айналуының алғашқы белгілерінің бірі — нәжістегі көзге көрінбейтін қан іздері.

Негізгі онкоскрининг қанның жалпы көрсеткіштеріндегі алаңдатарлық ауытқуларды байқауға көмектеседі. Нәжістегі жасырын қанға жүргізілетін талдау ішектің зақымдануына күдіктенуге көмектеседі. Ал М2-пируваткиназа ферментіне жасалатын тест қатерлі ісік жасушаларының белсенділігін алғашқы белгілер пайда болғанға дейін анықтайды.
Онкоскрин: базовая биохимия
Коды 28.896.Вен. кровь (+1 090 ₸)Үйде болады

Комплекс помогает выявить нарушения свёртывания крови, признаки разрушения клеток, изменения в костной ткани и обмене кальция. Анализ назначают при подозрении на онкологическое заболевание — в дополнение к другим обследованиям, а также для контроля во время лечения рака.

4 090 ₸Жеңілдік 25%
+409 бонусов
Себетке
Скрининг рака кишечника (скрытая кровь в кале, Colon View)
Коды 21.10.КалҮйде болады

Анализ позволяет выявить скрытое кровотечение из нижних отделов желудочно-кишечного тракта. Применяется в рамках скрининга колоректального рака и предраковых состояний.

5 690 ₸
+569 бонусов
Себетке
Онкомаркер рака кишечника (опухолевая М2-пируваткиназа)
Коды 8.15.КалҮйде болады
13 200 ₸
+1 320 бонусов
Себетке
Күшті, сау, табысты
Сүт безі мен жатыр мойны обырының скринингі

Сүт безі мен жатыр мойны обыры — әйелдер арасында ең көп таралған обыр түрлері. Анықталған барлық онкологиялық аурулардың төрттен бірінен астамы осы диагноздарға тиесілі. Екі ауру да ұзақ уақыт бойы белгі бермейді: бәрі дұрыс сияқты көрінеді, ал ісік сол уақытта өсіп жатады. Оны ерте кезеңде тек талдаулардың көмегімен анықтауға болады.

Жатыр мойны обырына көбіне адам папилломавирусы (АПВ) себеп болады, ал сүт безі обырының даму қаупін BRCA1 және BRCA2 гендеріндегі өзгерістер арттырады. Бұл талдаулар мен негізгі онкоскрининг қауіп факторларын анықтайды. Қазан айында зерттеулерді жеңілдікпен тапсыруға болады!
Онкоскрин: базовая биохимия
Коды 28.896.Вен. кровь (+1 090 ₸)Үйде болады

Комплекс помогает выявить нарушения свёртывания крови, признаки разрушения клеток, изменения в костной ткани и обмене кальция. Анализ назначают при подозрении на онкологическое заболевание — в дополнение к другим обследованиям, а также для контроля во время лечения рака.

4 090 ₸Жеңілдік 25%
+409 бонусов
Себетке
Скрининг рака шейки матки (жидкостная цитология + ВПЧ 16, 18, 31, 33, 35, 39, 45, 51, 52, 56, 58, 59 с определением генотипов)
Коды 14.21.Соскоб (+1 090 ₸)

Анализ позволяет выявить предраковые изменения и рак шейки матки, а также установить носительство 12 типов вируса папилломы человека высокого канцерогенного риска, которые могут приводить к злокачественным опухолям шейки матки, вульвы, влагалища и ануса в будущем. Исследование проводят для диагностики рака на ранней стадии, когда он лучше поддаётся излечению.

Внимание! Взятие урогенитального мазка не проводится у пациентов младше 18 лет.

14 370 ₸Жеңілдік 16%
+1 437 бонусов
Себетке
Риск рака молочной железы (мутации BRCA1 и BRCA2)
Коды GNP048Взятие (2 вида, +3 190 ₸)Үйде болады

Мутации в генах BRCA1 и BRCA2 ассоциированы с повышенным риском развития рака молочной железы. Кроме того, они указывают на наследственную предрасположенность к некоторым другим видам рака.

ДНК-тест будет полезен пациентам с уже диагностированным раком, а также всем женщинам, которые хотят оценить индивидуальные риски его развития. Если по результатам исследования будут обнаружены мутации, врач сможет разработать индивидуальный календарь диагностического обследования, начать своевременное лечение на ранних стадиях и подобрать адекватную тактику терапии.

По результатам исследования рекомендуется дозаказать подробное заключение врача-генетика.

18 500 ₸
+1 850 бонусов
Себетке
Ер азаматқа тән қадам
Қуықасты безі обырының скринингі

Қуықасты безі обыры — ерлердегі ең көп таралған обыр түрлерінің бірі. Көбіне ауру жасырын дамып, жылдар бойы білдірмейді. Бақытымызға орай, ісікті белгілер пайда болғанға дейін-ақ анықтауға болады. Тек ПСА деңгейін тексеру жеткілікті — бұл қуықасты безінің жағдайын бағалаудың ең дәл маркері.

Қарашаны қуықасты безі обырының скринингіне жеңілдік беретін ай деп жариялаймыз! Денсаулығыңа жауапкершілікпен қарап, талдаулар тапсыру - нағыз ер азаматқа тән қадам.
Онкоскрин: базовая биохимия
Коды 28.896.Вен. кровь (+1 090 ₸)Үйде болады

Комплекс помогает выявить нарушения свёртывания крови, признаки разрушения клеток, изменения в костной ткани и обмене кальция. Анализ назначают при подозрении на онкологическое заболевание — в дополнение к другим обследованиям, а также для контроля во время лечения рака.

4 090 ₸Жеңілдік 25%
+409 бонусов
Себетке
Скрининг рака простаты (ПСА свободный/ПСА общий)
Коды 8.4.Вен. кровь (+1 090 ₸)Үйде болады
5 090 ₸Жеңілдік 30%
+509 бонусов
Себетке

Жиі қойылатын сұрақтар

Ішек обыры қанша уақыт дамиды?

Ішек обыры едәуір баяу дамиды. Алғашқы қатерлі жасушалардың пайда болуынан симптомдар білінгенге дейін бірнеше жыл өтуі мүмкін.

Ішек обыры қалай білінеді?

Алғашқы кезеңдерде ішек обыры көбіне симптомсыз өтеді, бірақ ісік дамыған сайын ауру іштің ауыруымен, диареямен және іш қатумен, жүрек айнуымен, іштің кебуімен, метеоризммен, сондай-ақ талдаулардың көмегімен анықтауға болатын нәжістегі қанмен білінеді. Адамның тәбеті төмендеп, салмақ жоғалтуы мүмкін.

Ішек обырымен қанша жыл өмір сүреді?

Өмір сүру ұзақтығы мен сапасы обырдың қай кезеңде анықталғанына айтарлықтай байланысты. Егер ауру ісік әлі кішкентай әрі метастаз бермеген бірінші немесе екінші сатысында анықталса, пациенттердің 91%-ы емнен кейін 5 жылдан астам өмір сүреді. Төртінші, соңғы кезеңде бес жылдық өмір сүру деңгейі 15%-дан аспайды.

Ішек обыры кезінде қандай ауырсыну болады?

Ішек обырында адам қабырға астында, мықын аймақтарында жедел немесе созылмалы ауырсынуды сезінеді — ол оң немесе сол жақта сезілуі мүмкін.

Сүт безі дегеніміз не?

Сүт безі — кеуде қуысының алдыңғы бетінде орналасқан жұп ағза. Сүт безі лактация кезеңінде сүт өндіретін бездік тіннен, кеудеге пішін мен көлем беретін май тінінен және тірек дәнекер тіндерден тұрады. Сүт безінің негізгі қызметі — жаңа туған нәрестені емізу үшін сүт өндіру және бөлу.

Әйелде сүт безі обыры бар екенін қалай білуге болады? Бұл аурудың симптомдары қандай?

Бастапқы кезеңдерде ауру еш белгі бермейді. Кейіннен өсіп келе жатқан ісік кеуде тұсында қолмен сезілуі мүмкін, ол емшек ұшынан қалыптан тыс, көбіне қан аралас бөлінділер тудырады, ісік үстіндегі терінің өзгеруіне — ісінуге, әжімденуге, қызаруға, жара мен ойық жараларға әкеледі. Сондай-ақ кеуде не қолтық асты ауыруы, лимфа түйіндері ұлғаюы мүмкін.

Сүт безі денсаулығына қатысты алаңдаушылық болса, маммологқа қаралған жөн: дәрігер қажетті зерттеулерді тағайындайды.

Сүт безі обырына арналған талдау қалай аталады?

Сүт безі обырының қаупін BRCA1 және BRCA2 гендеріндегі өзгерістерді анықтайтын генетикалық қан талдауы арқылы бағалауға болады.

Сүт безі обырын қалай емдейді?

Сүт безі обырын емдеудің қолайлы әдісін таңдау ісіктің сипатына, пациенттің жасы мен денсаулық жағдайына байланысты. Дәрігер ісікті алып тастау операциясын, сәулелік не дәрі-дәрмекпен емдеуді немесе осы әдістердің үйлесімін ұсынуы мүмкін.

Қуықасты безі дегеніміз не?

Простата, немесе қуықасты безі, — ер адамның репродуктивтік жүйесіне кіретін шағын ағза. Оның негізгі міндеті — сөл, яғни биологиялық белсенді заттар бар сұйықтық өндіру. Қуықасты безінің сөлі арқасында сперматозоидтардың өміршеңдігі мен қозғалғыштығы сақталады. Бұл көрсеткіштердің өзгеруі ер адамның ұрпақ өрбіту қабілетіне әсер етеді.

Ер адамда қуықасты безі обыры бар екенін қалай білуге болады? Бұл аурудың симптомдары қандай?

Бастапқы кезеңдерде ауру еш белгі бермейді. Егер пациентте қуықасты безі аденомасы да болса, ол аденомаға байланысты зәр шығарудың бұзылу белгілерін байқайды. Кейіннен өсіп келе жатқан ісік ағзаларды қыса бастап, бел мен жамбаста ауырсыну тудырады, ал метастаздар пайда болғанда адам сүйектер мен лимфа түйіндері орналасқан аймақтарда ауырсынуды сезінуі мүмкін.

Қуықасты безі денсаулығына қатысты алаңдаушылық болса, урологқа қаралған жөн: дәрігер қажетті зерттеулерді тағайындайды.

Қуықасты безі обырына арналған талдау қалай аталады?

Қуықасты безі обырының скринингі үшін жалпы ПСА (простатаға тән антиген) деңгейін анықтайтын қан талдауын немесе жалпы ПСА мен еркін ПСА-ға кешенді талдауды тағайындайды.

Қуықасты безі обырын қалай емдейді?

Қуықасты безі обырын емдеудің қолайлы әдісін таңдау ісіктің сипатына, пациенттің жасы мен денсаулық жағдайына байланысты. Дәрігер емдеуді кейінге қалдыруды да, қуықасты безін алып тастау операциясын, сәулелік не дәрі-дәрмекпен емдеуді де ұсынуы мүмкін.

В начало страницы