Төлем және қайтару

Тапсырысты төлеу

Қызметтерді төлеуге болады:

  • бір төлеммен толық: зертханалық бөлімшеде қолма-қол ақшамен немесе банк картасымен;
  • бөліп төлеу арқылы: «Kaspi red» картасы бойынша пайызсыз бөліп төлеумен.

Қолма-қол ақшалай

Зерттеуді қолма-қол ақшамен барлық Гемотест зертханалық бөлімшелерінде, сондай-ақ көшпелі сервис қызметіне тапсырыс бергенде төлеуге болады.

Бөлімшеде немесе көшпелі қызмет кезінде банк картасымен

Гемотесттің барлық зертханалық бөлімшелері мен көшпелі қызмет көрсететін мейіргерлер VISA, Visa Electron, MasterCard, Maestro банк карталарын төлемге қабылдайды.

Kaspi red картасымен бөліп төлеу

Kaspi red картасы медициналық талдауларды пайызсыз және комиссиясыз бөліп төлеуге мүмкіндік береді. Төлемнің бұл түрі Республика аумағындағы Гемотесттің барлық зертханалық бөлімшелерінде қолжетімді.

Бөліп төлеуді пайдалану үшін қажетті зерттеулерді «Kaspi red» картасымен төлесеңіз болғаны. Тапсырыс сомасы картадан алынады, оны 3 ай ішінде тең төлемдермен өтеуге болады.

Kaspi red картасын рәсімдеу және қызмет көрсету тегін

Төлемді қайтару

Төлем әдісіне — қолма-қол ақшалай, банк картасы немесе Kaspi QR-ға — қарамастан, қайтаруды 60 күн ішінде рәсімдеуге болады.

Қайтаруды рәсімдеу үшін медициналық зерттеуге ақы төлеген Гемотест зертханалық бөлімшесіне хабарласыңыз. Әкімшіге чектің түпнұсқасын, төлқұжатты немесе басқа жеке куәлікті ұсыныңыз. Әкімші сізге қайтаруға өтініш толтыруға көмектеседі.

  • Егер тапсырыс қолма-қол ақшалай төленген болса — әкімші өтінімді рәсімдегеннен кейін қаражатты қайтарады. Кейбір жағдайларда қаражатты қайтару 10 күнге дейін созылуы мүмкін.
  • Банк картасына ақша өтінім өңделгеннен кейін 3-30 күн ішінде қайтарылады — аудару мерзімі картаны шығарған банкке байланысты. Қайтару кешіктірілген жағдайда банкке хабарласуды ұсынамыз: қолдау қызметінің байланыс нөмірлері әдетте картаның артқы жағында көрсетіледі.
Бланк заявления на возврат
Скачать

Заявка на возврат

Параметры возврата
Вы можете прикрепить к сообщению один файл. (максимум — 5 Мб).
Если вам нужно прикрепить несколько файлов — пожалуйста, используйте архив.
Как с вами связаться?
Я даю своё согласие:

Бонустарды есептеу және қайтару

Тапсырыстың төлем әдісіне қарамастан, «Гемотест Бонус» адалдық бағдарламасының клиент-қатысушысы бонустарды алып, жұмсай алады.

  • Бонустармен талдауларға тапсырыс құнының 25%-ына дейін төлеуге болады.
  • Әр тапсырыстан 10% бонустық кешбэк есептеледі, ал 25 жасқа дейінгі және 55 жастан асқан клиенттер үшін — 15%.

Қайтаруды рәсімдеу кезінде клиенттің бонустық шоты өзгереді:

  • Күші жойылған тапсырысқа жұмсалған бонустар қайтарылады.
  • Күші жойылған тапсырыс үшін есептелген бонустар жойылады.

«Гемотест Бонус» бағдарламасы туралы көбірек біл

В начало страницы