Кольпоскопияға дайындық
- Кольпоскопия етеккір күндерін қоспағанда, кез келген күні жүргізіледі. Менструациялық бөліністер дәрігер-гинекологқа қынап пен жатыр мойнының шырышты қабығын тексеруге мүмкіндік бермейді.
- Зерттеуден 24 сағат бұрын жыныстық қатынастарды толықтай тоқтату, бүркіп жуынбау, дәрілік аппликацияларды немесе тампондарды пайдаланбау қажет.
- Процедурадан 24 сағаттан аз уақыт бұрын әйел жатыр мойны мен цервикальды каналдың цитологиялық зерттеуін өткен болса, кольпоскопия жүргізілмейді.
- Кольпоскопияны гинекологиялық жағындыларды алғаннан кейін және қынапішілік датчикпен УДЗ жасағаннан кейін жүргізбейді. (Гинекологиялық жағындыны кольпоскопиядан кейін 2 күн өткен соң тапсыруға болады.)
Зерттеу келесі жағдайларда жүргізілмейді:
- пациенттің жасы 18-ден кіші;
- пәктік (кез келген жаста);
- босанғаннан кейінгі кезең (алғашқы 6–8 апта);
- жақында орындалған жатыр мойнын деструктивті және хирургиялық әдістермен емдеу, сондай-ақ жүктілікті үзу бойынша жасалған хирургиялық манипуляциялар;
- сірке қышқылына және йод препараттарына төзімсіздік;
- жедел қабыну процесі.