МРТ (магнитті-резонанстық томографияға) дайындық
Бас, омыртқа, тірек-қимыл аппараты, жұмсақ тіндер, ерлердің сыртқы жыныс мүшелері және сүт бездерінің МРТ-сына арнайы дайындық қажет емес.
Бір күнде контрастпен тек бір аймақтың МРТ-сы жүргізіледі. Компьютерлік томография мен контрастты МРТ арасында, сондай-ақ екі контрастты МРТ процедурасы арасында кемінде 36 сағат үзіліс қажет.
Контрасты бар МРТ тамақтанудан кейін 2–3 сағаттан соң жүргізіледі. Дәрілерді қабылдауға рұқсат етіледі (аз мөлшерде сумен ішуге болады).
Зерттеулер үшін биоматериал алу МРТ-ға дейін орындалады.
Іш қуысының, іш арты кеңістігінің мүшелері
Бауыр, өт қабы, өт жолдары (холангиография), ұйқы безі, көкбауыр, бүйрек, бүйрек үсті бездері, іш арты лимфа түйіндері
Зерттеуден 3 күн бұрын көкөністерден, жемістерден, сүт өнімдерінен, газдалған сусындардан, наннан бас тарту керек. Ботқалар, сорпа, қайнатылған ет, балық, тауық еті, ірімшік, май және печенье жеуге болады.
Зерттеуден 3 күн бұрын «Эспумизан» қабылдау қажет (күніне 3 рет 1 капсуладан).
Процедура қатаң түрде аш қарынға немесе тамақтанғаннан кейін 6 сағаттан ерте емес уақытта жүргізіледі. Зерттеуден 3 сағат бұрын кез келген сұйықтықты қабылдаудан, темекі шегуден және сағыз шайнаудан бас тарту қажет.
Зерттеуден 3 сағат бұрын 40 мг-нан 3 таблетка «Но-шпа» препаратын ішу керек. «Но-шпа» дәрісіне қарсы көрсетілімдер болған жағдайда «Дюспаталин» немесе «Бускопан» препаратынан 2 таблетка қабылдаңыз.
Зерттеуден бұрын қуықты босату қажет.
Кіші жамбас қуысының мүшелері
Қуық
Цистоскопиядан кейін 5–7 күн өткен соң қуықтың МРТ-сын жүргізуге болады.
Зерттеуден 3 күн бұрын көкөністерден, жемістерден, сүт өнімдерінен, газдалған сусындардан, наннан бас тарту керек. Ботқалар, сорпа, қайнатылған ет, балық, тауық еті, ірімшік, май және печенье жеуге болады.
Зерттеуден 3 күн бұрын «Эспумизан» қабылдау керек (күніне 3 рет 1 капсуладан).
Соңғы тамақтану зерттеуден 2-3 сағат бұрын болуы керек.
Зерттеуден 3 сағат бұрын 40 мг-нан 3 таблетка «Но-шпа» препаратын ішу керек. «Но-шпа» дәрісіне қарсы көрсетілімдер болған жағдайда «Дюспаталин» немесе «Бускопан» препаратынан 2 таблетка қабылдаңыз.
Зерттеуге 1 сағат қалғанда 400-500 мл газсыз ауыз суын ішу керек. Дәретке отырмау.
Қуық асты безі
Процедураны өткізу пункциялық биопсиядан кейін тек 1,5 айдан соң мүмкін, осы мерзімнен бұрын — емдеуші дәрігермен келісу арқылы.
Зерттеуден 3 күн бұрын көкөністерден, жемістерден, сүт өнімдерінен, газдалған сусындардан, наннан бас тарту керек. Ботқалар, сорпа, қайнатылған ет, балық, тауық еті, ірімшік, май және печенье жеуге болады.
Зерттеуден 3 күн бұрын «Эспумизан» қабылдау керек (күніне 3 рет 1 капсуладан).
Соңғы тамақтану зерттеуден 2-3 сағат бұрын болуы керек.
Зерттеуден 3 сағат бұрын 40 мг-нан 3 таблетка «Но-шпа» препаратын ішу керек. «Но-шпа» дәрісіне қарсы көрсетілімдер болған жағдайда «Дюспаталин» немесе «Бускопан» препаратынан 2 таблетка қабылдаңыз.
Зерттеуден бұрын қуықты босату қажет.
Жатыр мен аналық бездер
Зерттеуді жүргізу жатыр қуысы мен жатыр мойны каналын диагностикалық қырудан кейін тек 1,5 ай өткен соң мүмкін, осы мерзімнен бұрын — емдеуші дәрігермен келісім бойынша.
Менструациядан кейін, етеккір циклының 7–12-ші күндерінде орындалады. Қажет болған жағдайда зерттеуді циклдің екінші фазасында жүргізуге болады.
Тік ішек
Процедура колоноскопиядан кейін 5–7 күн өткен соң жүргізіледі.
Зерттеуден 3 күн бұрын көкөністерден, жемістерден, сүт өнімдерінен, газдалған сусындардан, наннан бас тарту керек. Ботқалар, сорпа, қайнатылған ет, балық, тауық еті, ірімшік, май және печенье жеуге болады.
Зерттеуден 3 күн бұрын «Эспумизан» қабылдау керек (күніне 3 рет 1 капсуладан).
Соңғы тамақтану зерттеуден 2-3 сағат бұрын болуы керек.
Зерттеуден 3 сағат бұрын 40 мг-нан 3 таблетка «Но-шпа» препаратын ішу керек. «Но-шпа» дәрісіне қарсы көрсетілімдер болған жағдайда «Дюспаталин» немесе «Бускопан» препаратынан 2 таблетка қабылдаңыз.
Зерттеуден бұрын қуықты босату қажет.
Ішекті дайындау:
- зерттеу қарсаңында кешке жұмсақ микроклизмалар («Микролакс») пайдалану;
- колостома болған жағдайда зерттеудің алдында кешке тазартқыш клизмалар қолдану: клизманың ұшын стомаға енгізіп, таза су алынғанша тазартқыш клизма жасау. Процедура аяқталғаннан кейін ұшты артқы өту жолына енгізіп, таза су шыққанша тазарту клизмасын орындау;
- өзіңізбен бірге ауыстырылатын дәрет жинағыш болуы қажет.