Ультрадыбыстық зерттеуге дайындық

Жатыр және жатыр түтіктері

Трансабдоминаль әдісімен зерттеу толық қуықпен жүргізіледі. Зерттеуге дейін 3–4 сағат бойы зәр шығармау қажет және процедурадан 1 сағат бұрын 1 л газсыз сұйықтық ішу керек. Зерттеудің алдында тазарту клизмасын жасау керек. Трансвагинальдық әдіспен зерттеу бос қуықпен жүргізіледі, соның ішінде ерте кезеңдегі жүктілікті анықтау үшін де.

Сүт бездері

Сүт бездерін зерттеу етеккір циклының 5-ші күнінен 12-ші күніне дейін жүргізіледі. Жедел патология кезінде (сүт бездеріндегі ауырсыну, жарақат, емшек ұшынан бөліністер) — циклдің кез келген күнінде.

Қуық асты безі

Трансректальді әдіспен УДЗ кезінде (қуық асты безін тексерудің негізгі әдісі) қуықты толтыру қажет емес. Зерттеудің алдында тазарту клизмасын жасау қажет. УДЗ трансабдоминалды әдісімен зерттеу алдында 2-3 сағат бойы зәр шығармау және процедурадан 1 сағат бұрын 1 литр газсыз сұйықтық ішу қажет.

Қуық

Ерлер мен әйелдерге зерттеу толық қуықпен жүргізіледі. Зерттеуге дейін 2-3 сағат бойы зәр шығармау қажет және процедурадан 1 сағат бұрын 1-1,5 л газсыз сұйықтық ішу керек. Дәретке отыру қажеттілігі шыдатпаған жағдайда кернеуді жеңілдету үшін қуықты аздап босатуға және зерттеу уақытына дейін қуықтың толық толуын қамтамасыз ету үшін аздап сұйықтық ішуге болады.

Іш қуысының мүшелері

Зерттеуден 2-3 күн бұрын тазарту клизмасын жасап, ішекте газ түзілуін күшейтетін өнімдерді (шикі көкөністер, тұтас сүт, қара нан, бұршақ тұқымдастар, газдалған сусындар, жоғары калориялы кондитерлік өнімдер) тұтынбау керек.

Зерттеуден бір күн бұрын «Белсендірілген көмір» немесе «Эспумизан» дәрісін күніне 3 рет 2 таблеткадан қабылдау керек.

УДЗ қатаң түрде аш қарынға жүргізіледі.

Егер зерттеуді таңертең өткізу мүмкін болмаса, процедурадан 6 сағат бұрын жеңіл таңғы ас ішуге рұқсат етіледі (қантсыз шай немесе кептірілген ақ нан).

Зерттеу күні сағыз шайнауға болмайды. Зерттеудің алдында шылым шекпеңіз. Егер сіз дәрі-дәрмек қабылдап жүрсеңіз, УДЗ дәрігеріне бұл туралы ескертіңіз.

УДЗ жасағаннан кейін сол күні зертханалық зерттеулер үшін қан тапсыру ұсынылмайды.

Ультрадыбыстық зерттеуді рентгенография, гастро- және колоноскопиядан кейін сол күні өткізуге болмайды.

В начало страницы