Бастапқы кезеңде қант диабеті белгілері айқын болмағандықтан, көп адамда оған назар аудармауы мүмкін. Дүние жүзінде 420 миллион адамда қант диабеті бар, олардың жартысы науқас екенін білмейді.
Белгілері:
- шаршағыштық
- бұлшықет әлсіздігі
- ұйқының бұзылуы
- шөлдеу
- ерекше жиі зәр шығару, әсіресе түнде
- кенеттен салмақ жоғалту
- жаралар мен жарақаттардың жазылуы ұзақ уақыт алады
- көру қабілетінің нашарлауы
- аяқ-қолдардың ұйып қалуы
- тершеңдік
Статистика мәліметтері бойынша, қант диабетімен ауыратын адамдардың саны әр 10-15 жыл сайын екі есеге артып отырады.